• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгердің туыстарын таппақ

Павлодарлық іздестіру жасағы Ұлы Отан соғысы кезінде қаза тапқан жауынгердің туыстарын таппақ

Майдангердің марапаты Беларуссиядағы іздеу жұмыстары кезінде табылыпты. Бүгінде олар марапатты сарбаздың туыстарына беруге ниетті.

 

- Марқұмның біздің жерлесіміз екендігі анықталды. Сергей Михайлович Боденко, Қазақ КСР-нің тумасы,  1921 жылы Алматы қаласында дүниеге келген, мекен-жайы, Зеленая көшесі, 3 деп көрсетілген, - дейді «Майдан жолы» іздестіру жасағының командирі Александр Шитов.

 

Айта кетейін, сарбаз 1944 жылы артиллериялық және пулеметтік атыс кезінде  бірнеше күн бойы жауға тойтарыс берген. Ол дивизияның басқару байланысын қамтамсыз еткен, ал жарылыстарда оны қайта қалпына келтіріп отырған. Жасаған ерлігі үшін орденмен марапатталыпты.

 

Авторы: Бекбол Мырзахан