Павлодарлық қажетсіз заттарды пайдаланып ауласын әсемдеп қойған
Лермонтов көшесіндегі №85-көп қабатты тұрғын үйдің ауласы күннен-күнге көркейуде. Константин Гитт тұрғындармен бірге абаттандыруды 2019 жылы бастаған. Бұл - 3 жылдық еңбектің жемісі. Қажетсіз материалдарға екінші өмір сыйлаған жан кіреберісті ретке келтіру хоббиіме айналды дейді.
- Кіреберістегі шерені көршілер шығарып тастапты. Мен оны кәдеге жараттым. Есікте қоқысқа тасталған. Бастапқыда ұсақ-түйектерді жәй жөндеп жүрдім, кейіннен хоббиіме айналды. Міне жұмыстан кейінгі демалысымның нәтижесін көріп тұрсыздар, - дейді Константин Гитт.
Сонымен қатар, қарапайым көлік дөңгелектеріне гүл отырғызылған. Кейіпкеріміз бағбандықпен де айналысады. Тиісінше күтіп баптайды. Алда түрлі ертегі кейіпкерлерін жасау ойында бар екенін жеткізді.
Авторы: Бекбол Мырзахан