• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық әйел 700 мың теңгеге массаж жасайтын құрал сатып алған

Павлодарлық әйел 700 мың теңгеге массаж жасайтын құрал сатып алған

Татьяна Башина аса қымбат тұратын құралды қалай сатып алғанын өзі де аңғармай қалған. Бұл тауардың тұсаукесеріне келген әйел ол жерде өзімен бірге басқа да зейнеткерлер болғанын айтады. Жүргізуші мен массаж жасайтын құралды сатушылардың сөзіне алданған әйел 720 мың теңгеге қалай несие рәсімдегенін білмей қалған.

- Түрлі сыйлықтар беріп, массаж жасап барлық жағдайыңды жасайды. Өзің мұндайдан кейін басың айналып қалады екен. Олардың не құдіреті бар екенін білмеймін. Мен тек көлікке отырған кезде есімді жидым. Қайтып оларға барғанымда бізді ашулы қарсы алды, - дейді Татьяна Башина. 

Өкінішке орай әйел сол күні қымбат ақшаға алған сыйлықтарды қайтара алмаған. Келесі күні сатушы орнында болмай шыққан. Оңтүстік астанадағы бас кеңседе де қоңырауларға жауап бермеген. Нәтижесінде қорғаушы жалдапты. Соңында тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінде көмек көрсеткен.

- Біге жапа шеккен адамдар көп жүгінбейді. Себебі мұндай құралдарды сатушылар анда-санда ғана келеді. Олар кеткесін бірден бірнеше адам шағымданады. Біз оларға өз құқықтарын түсіндіріп, әрі қарай қалай әрекет ету керектігі туралы айтамыз, - деді Павлодар облысы тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы НұрсұлуӘубәкірова.

Татьяна Башина қорғаушының көмегімен тауарды қайтарған. Алайда бәрібір тауарды Алматыға жеткізу үшін алпыс мың теңге ақша төлеуге тура келген. Әйел әсіресе зейнеткерлерге мұндай қымбат тауар алудан сақ болуды ескертеді.