• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық әйел полицейге тіл тигізгені үшін жазаланды

Павлодарлық әйел полицейге тіл тигізгені үшін жазаланды

 

 

Енді бұзақылыққа бой алдырған азаматша қоғамдық жұмыс істеуге міндеттелді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Осы жылдың ақпан айында тәртіп сақшылары Астана көшесіндегі пәтерде есірткімен ұсталған ер адамға байланысты тінту жүргізді. Олар іздей бастағанда, туысы келіп, не болып жатқанын анықтауға тырысқан. Алайда оған берілген жауап көңілінен шықпай 34 жастағы әйел қызметкерлердің біріне тіл тигізген. №2 сот үкімінде көрсетілгендей оны арқасы мен басынан ұрған. Қылмыстық істі билік өкіліне тіл тигізу фактісі бойынша қарады. Павлодарлық әйелге жаза ретінде 20 сағаттық қоғамдық жұмыс тағайындалды.

 

Фото: Freepik.com