Павлодарлық әйел зейнет жасына дейін азаматтық алмаған

Любовь Павловна Қазақстанға 1983 жылы бір жасар баласымен көшіп келген. Кейін жолдасымен Алматыда таулы аймақта тұрады. Егемендік алған жылы құжатын ауыстырмапты.

 

- Ол кездері біз Алматы облысындағы тауда тұрдық. Балаларым кішкентай болды. Біз тұрған аймақтан аулылға жету үшін отыз шақырым жол, одан әрі ауданға бару керек. Сол себепті мен шыға алмадым, - дейді Любовь Золотухина.  

 

95-ші жылы зейнеткер Павлодарға көшіп келген. Ол уақытта да құжатын реттеуді ойластырмапты. Кез келген жұмысқа кіріп, нәпақасын тапқан. Ал өткен жылы құжаттарын қайта рәсімдеуді шешкен. Алайда бұл оңай болмай шықты. Любовь Павловнаға Ресейдің елшілігінен сол елде азаматтығы жоқ деген анықтама алу қажет. Наурыз айында әйел ақша жинап өтініш қалдырған.

 

- Маған түбіртек берді. Алайда карантин басталып кетті. Оларға қоңырау шалғанымда өтініш беру үшін тағы 35 мың теңге керек деді. Мен ақша төледім ғой, тағы соншама ақшаны мен қайдан аламын, - дейді тұрғын.

 

Полицияда әйелдің көші-қон қызметіне жүгінгенін растады. Алайда азаматтығы жоқ екені туралы анықтаманы алу үшін әйелге Өскемендегі елшілікке баруға тура келеді. Алайда Любовь Павловнада онда баруға қаражат та жоқ. Құжаты реттелмегендіктен зейнетақы да алмайды. Сол себепті павлодарлықтардан көмек сұрап отыр.