• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлық өгей қызының алдында өз әйелін пышақтап тастаған

Павлодарлық өгей қызының алдында өз әйелін пышақтап тастаған

Ал өгей әкем соны талқылау үшін анама келді деп еске алады қызы. Кездесу соңы қайғылы аяқталған. Индираның айтуынша қанды оқиға 2021 жылдың шілдесінде болған. Анам мен әкем ас үйде отырған дейді. Өзі ұйықтап жатыпты. Ер адам Антонида Гнездовамен ажырасуды қаламаған, кездесу соңы айғайға ұласқан.

 

-Жүгіріп ас үйге бардым. Қарасам ол анамды пышақпен ұрғылап жатыр екен, маған қараған кезде көздері қорқынышты болды. Сосын қайта бұрылып тағы пышақ салды,- дейді қызы Индира Гнездова.

 

Әйелге барлығы 28 пышақ жарақатын салған. Марқұмның қызы істі ерекше қатігездікпен деген белгімен қарауға қол жеткізді. Ер адам кінәсін жартылай мойындады.

 

-Аса ауыр қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі жоғары мекемесіне 15 жылға қамау жазасы тағайындалсын,- дейді Павлодар облысының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Нұрлан Айтбаев.

 

Ер адамды марқұмның қызы мен анасына бес миллион теңге моральдық шығын төлеуге міндеттеді. Әйелдің артында үш баласы қалды. Екеуі алғашқы некесінен болса біреуі өзін өлтірген екінші күйеуінен.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы