Павлодарлықтар аялдаманың атауын білгісі келеді

Коммуналшылар ұзақ уақыт бойы қаладағы аялдаманың атауын қоя алмауда. Сол себепті қоғамдық көліктің жолаушылары химқалашығы маңында «осы жерде тоқтай салыңызшы» деп айтуға мәжбүр дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Жуырда коммуналшылар «Благовещенск» шіркеуінің қасында жаңа павильон орнатқан. Алайда, шенеуніктер оған атау бермеген. Жолаушылар қоғамдық көліктің жүргізушісіне түсіндіре алмаса, қаламызға қонаққа келгендер мүлдем адасып кетуі мүмкін.

 

- «Қаз қонақ» деп аталатын жерде, солай ресми атауын берсе болады. Басқасын ойлап тауып қажет емес,-дейді тұрғындар.

-Автобус кестесі қойылса жақсы болады. Әйтпесе, қоғамдық көлік қай жерде тоқтайды? Қашан жүріп өтеді? Келеді ме? Жоқ па? Нақтылық жоқ,-деп шағымданды өзге павлодарлық азамат.

 

Бұл ауданның қасында халыққа қызмет көрсету орталығы болғандықтан, әкімдік «ЦОН» деген атау беруге дайын екендерін жеткізді. Айта кетсек, биыл шенеуніктер 52 павильонын жаңартуды көздейді. Сонымен қатар, қысқа дейін 3 жылы аялдама пайда болады.