• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар ағаштардың бұтақтарын кесу жұмыстарына шағымдануда

Павлодарлықтар ағаштардың бұтақтарын кесу жұмыстарына шағымдануда

Облыс орталығындағы жел салдарынан бірнеше мекенжайда ағаштардың құлауы орын алды. Адамдар желектердің санитарлық тазалығын орындау қажеттілігі туралы айтты.

 

- Ағаштар электр сымдарына тиіп, зақым келітрмес үшін уақытында кесіп отыру керек, - деп санайды Павлодар тұрғыны.

 

- Қураған жерлерін, өліп қалған бұтақтарын уақытында кесіп отырса жақсы болар еді. Себебі олардан түрлі аурулар тарайды, - деген ойда қалалықтардың бірі.

 

Ал бұл Бұқар Жырау, 3 мекенжайы. Ауладағы ағаштар санитарлық тазалалықтан бір аптадан аса өткен. Алайда, кесілген бұтақтарды коммуналшылар уақытында әкетпеген.

 

- Ауа райы күрт өзгерген кезде ағаштардың құлауы орын алады. Біз өз кезегімізде апаттық бригадалардың санын арттырамыз. Олар ағаш құлаған мекенжайға жылдам баруға тырысады. Қалада екі мердігерлік ұйым жұмыс жасайды. Олардың әрбіреуінде өз учаскісі бар. Жалпы жұмыстар мамыр айында басталған болатын, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арман Құсайынов.

 

Биыл коммуналшылардың 2 мердігерлік ұйымы 9 мыңға жуық ағашты өндеуді көздеп отыр. Бұған жергілікті бюджеттен 60 миллион теңге бөлінді. Қисайған, бұтақтары шығып тұрған немесе шіріп кеткен ағаштар бойынша шағымдарды 109 колл-орталығында немесе коммуналшылардың 32-04-66 нөмірі бойынша қалдыруға болады.