• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар барлық құқық бұзушылықтар жайлы жаңа портал арқылы біле алады

Павлодарлықтар барлық құқық бұзушылықтар жайлы жаңа портал арқылы біле алады

 

 

 

 

Qamqor.gov.kz порталында қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы ақпараттар жинақталған. Сәйкесінше, күн сайын жаңартылып отырады. Мұнда айыппұлдардың бар-жоғын тексеруге болады, сондай-ақ іздеуде жүрген адамдарға жеке бөлім бар. Ал ең танымалы алимент төлеуден жалтарғандар жайлы бөлімі. Қажетті ақпаратты енгізсеңіз болғаны, бар мәлімет шығады.

 

Портал қызметін қолдануға көп құжат керек емес, тек ЖСН мен жеке куәліктің нөмірі, берілген датасы болса жеткілікті. Кейбір бөліктерде ешқандай ақпарат қажет емес. Жіберген сұранымға немесе өтінішке, деңгейіне қарай, 24 сағаттың ішінде жауап беріледі,-дейді Павлодар облысы бойынша құқықтық статистика комитеті басқармасының аға прокуроры Дәурен Арынов.

 

Сонымен қатар, қай аудандарда қылмыс көп орын алатыны жайлы да білуге болады. Мысалы, пәтер сатып алғанда оның айналасындағы қылмыстық деңгейдің қаншалықты екенін анықтай аласыз. Сол секілді, автокөлік аларда осыған дейін қандай жол апатына ұшырағаны да порталда көрсетіледі. Айту керек, сайт 2017 жылдан бері жұмыс істеп келеді, бұл уақыт аралығында ол жетілдіріліп, жаңа мүмкіндіктер қосылған.