• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар электр қуатының тарифін көтеруге қатысты ойларын білдіреді

Павлодарлықтар электр қуатының тарифін көтеруге қатысты ойларын білдіреді

Павлодар облысында тұтынушылар үшін электр энергиясының құнын шамамен 3 теңгеге көтермек. Оған энергия өндіруші компаниялар тарифтерінің өсуі себеп болды. Естеріңізге сала кетейін, жаңа бағалар сәуірдің 1-нен бастап салалық министрліктің бұйрығымен жұмыс істейді.

 

- Павлодар қаласы және облыс көлемінде электр энергиясын өндіру, атап айтқанда "Павлодарэнерго" АҚ шамамен 24%-ға ұлғайды,  Энергетика министрінің осы бұйрығы бойынша Екібастұз ГРЭС-те 6% - ға, Бірінші ГРЭС бойынша шамамен 25% - ға ұлғайды, - деді ҚР ҰЭМ Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Павлодар облысы бойынша департаменті басшысының м.а. Мирас Зеріпбаев.

 

Энергиямен жабдықтаушы ұйымдар өз құқықтарын пайдаланып, халық үшін тарифті ұлғайтуға өтінім берді. Оны бекіту үшін олар жаңа бағаны көпшілік алдында негіздеуге міндетті. Instagram және Facebook-тегі Табиғи монополияларды реттеу департаментінің ресми парақшасы коронавирусқа байланысты онлайн режимінде тікелей эфирде қоғамдық тыңдаулар өткізеді.

 

- Павлодар облысының тұрғындарын осы қоғмдық тыңдауларға қатысуға, өз пікірлерін білдіруге шақырамыз, өйткені бұл қабылданған шешімге тікелей әсер етеді, - деді Мирас Зеріпбаев.

 

Тыңдаулар Екібастұзда мамырдың 11-і, ал Павлодарда 12-сі сағат 11-де өтеді. Тарифті көтеру туралы шешімді жиын аяқталғаннан кейін монополияға қарсы ведомствода қабылдайды.