Павлодарлықтар интернет сапасына шағымдануда

 

 

Павлодар тұрғындары қаланың кейбір бөлігінде мобильді интернет пен жалпы байланыс сапасына шағым келтіруде. Өңірлік цифрлық технологиялар басқармасында бұндай жағдайларды бар екендігін мойындап, азаматтарды бей жай қарамай, операторларды жауапқа тарту үшін белсенділік таныстуға шақырды.

 

Павлодардың барлық аумағында мобильді интернет бар болғанымен, сапасы соңғы кездері көңіл көншітпейді. Жұмыстары онлайн қызметке негізделген азаматтар үшін бұл шығынға әкелетін жайт.

 

-Әлеуметтік желілердегі жылдамдық төмен. Құжаттар сақталмай қалады, байланыс күтпеген кезде жоғалып кетеді. Химқалашықта жағдай жаман емес, ал МДС аумағында, Екінші Павлодарда мүлдем қиын жағдай. Онлаин кино көрейін десек, тұрып қалады,-деп ойларымен бөлісті қала тұрғындары.

 

Өңірлік цифрлық технологиялар басқармасында қала тұрғындарынан сапасы төмен ғаламтор жайлы өтініштер келіп түспегендігін айтуда. Ауылдықтар әлдеқайда белсендірек. Сондықтан үй маңында интернет әлсіз болса, мамандарға қағаз жүзінде өтініш жолдау қажет. Тексеріс өзін көп күттірмейді.

 

-Егер жүйелі түрде, мәселе шешімін таппаса, бізге бұл туралы өтініш жолдаған дұрыс. Бізде оны инспекцияға жолдап, тексеріс жүргіземіз. Егер сараптама бұл жайтты далелдесе, байланыс операторына айыппұл салынады. Қазір айыппұл соммасы 1000 АЕК, бұл үлкен сомма, сондықтан, міндетті түрде шара қолдана бастайды,-деп мәлім етті Павлодар облысының цифрлық технологиялар басқарма басшысы Дархан Мырзабаев.

 

Айту керек, облыс ұялы байланысқа қолжетімділік 96,9% құрайды. Байланысы жоқ ауылдардың саны - 11. 2024 жылға дейін бұл олқылық да шешімін табады дейді басқармада.