• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне шағымдануда

Павлодарлықтар коммуналдық қызметтер бағасының өсуіне шағымдануда

Желтоқсан айында адамдар үш бөлмелі пәтер үшін 5 мың төлесе, қаңтарда 8 мыңнан аса беруге мәжбүр. Алпауыт тарапынан тариф құны көтеріледі деген ешқандай хабарлама келген емес.

 

- Энергоорталық жылу бойынша екі есе көп қаражат есептейді. Бүгін мен жылу желілеріне барып, үш үй бойынша мұндай соммалар қалай есептелетінін білу үшін өтініш жаздым. Оған қоса, колл-орталықтың барлық нөмірлеріне хабарластым. Алайда, нақты жауап естімедім. Бізге тиесілі барлық үйлерде жылу есептейтін электронды есептеуіш құралдары орнатылған. Құралдарда ешқандай олқылық жоқ. Алпауыт мамандары келіп, олардың сандарын жазып алады, - дейді қызмет көрсетуші ұйымның төрайымы Балшақар Мұқанова.

 

ПИК-төрайымының айтуынша, жылу беру құны осы айда шамамен 3-4 мың теңгеге артқан. Басқа аудан тұрғындары да осындай мәселеге тап болған. Энергетикалық компания мамандары жағдайға түсініктеме берді.

 

- Түбіртектегі сандардың артуы ортақ айдағы температураның төмендеуіне байланысты. Павлодарда қараша айында 4,8 болса, желтоқсанда 7,6 градус болған. Ал қаңтар айында орташа ауа температурасы 12,3 градусқа дейін төмендеді. Сәйкесінше, қалалық жылу энерго орталықтары, қаңтарда жылу энергиясының санын көп шығарған, -дейді энергетикалық компанияның қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Екатерина Байжұманова.

 

Алпауыт мамандары тариф көтерілмегенін хабарлады. Соңғысы 2021-ші жылдың тамыз айында бекітілген болатын. Бүгінде Павлодар қаласының көпқабатты тұрғын үй қорының 80 пайызы электр жылу есептеуіш құралдарымен жабдықталған.

 

Авторы: Айтмұхамбет Айқожа