Павлодарлықтар коронавирус бойынша рекорд қойды
Айта кету керек, бұл - әлемді індет жайлағалы өңірімізде тіркеліп отырған ең жоғары сан. Санитарлық дәрігердің айтуынша цифрлардың бұлай тез өсуіне жылдам жұғатын омикрон штамы себеп болуы мүмкін.
- Оның ерекшелігі адам тез шаршап, басы қатты ауырады. Алайда дене қызуы қатты көтерілмейді. Қан жүйесі айналымына кері әсер етіп, сол себепті адам тез шаршап қалады, - деді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбек Әлиев.
Дегенмен де омикрон штамына шалдыққандар індетті жеңіл үйде ем алумен өткізуде. Эпидемиологиялық жағдайдың ушығуына байланысты санитарлық дәрігерлер де халықты екпе салдыруға, ал вакцина алғанына алты ай болғандарға ревакцинациядан өтуге шақырады.