• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар көп қабатты үйдегі кәріз мәселесін өздері шешкен

Павлодарлықтар көп қабатты үйдегі кәріз мәселесін өздері шешкен

Назарбаев даңғылындағы №12-үйдің тұрғындары бірлесіп, құбыр орналасқан жерді қазған. Соңғы 15 жыл бойы жертөлені кәріз қалдықтары басып келген. Ішкі жүйеде ешқандай ақау анықталмады. Ассенизатордың көмегімен суды шығарып отырды.  

- Бұрын кәріз қалдықтары пәтерлерге дейін жететін. Су шығара бастағаннан кейін жертөлеге жиналады. Онда әрдайым сыз әрі жағымсыз иіс. Жазда тыныс алу мүмкін емес. Кіреберіс есіктері үнемі ашық тұрады, - дейді Н.Назарбаев даңғылындағы №12-үйдің тұрғыны Людмила Берковская.

Шұңқыр қазылып, қажетті құбыр табылғаннан кейін оның бұрыс еңісі дұрыс болмағаны анықталды. Осыған байланысты кәріз суы қайтадан жертөлеге барып отырған. Бүгінде мәселені өз күшімен шешуге тырысуда. ПИК-қызметкерлерінің көмегімен құбырды ауыстырып, барлығын стандартқа сай орнатады.

 Авторы. Айтмұхамбет Айғожа