Павлодарлықтар лас судың жағымсыз иісінен зардап шегуде
Адамдар ескірген құбырларды бейнеге түсіріп, редакциямызға жіберуде. Бұл мәселе бірнеше жыл шешілмей келеді екен.
- Соңғы жылдары жертөлемізді су басуда. Сәйкесінше, кіреберістің ішінен жағымсыз иіс кетпеуде. ПИК арқылы бұл мәселені шешуге тырыстық. Бұдан еш нәтиже жоқ. Жуырда тұрғындармен кездесіп, өз қаражатымызға барлық коммуникацияны ауыстыруға бел будық,- дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі №6-үйдің тұрғыны Қанат Кенжебаев.
- ПИК бізге жертөлеміздегі ескі коммуникациялар туралы айтқан жағдайда қаражат жинаушы едік. Ешкім ештеңе айтпады. Апат болғаннан кейін ғана сөз қылуда. Енді әрбір пәтер 25 мың теңгеде жинауда,- дейді Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесіндегі №6-үйдің тұрғыны Татьяна Мироненко.
Тұрғын үй инспекциясы бөлімінің мамандары жертөледегі лас судың пайда болуын тұрғындар тарапынан кәріз жүйесіне тасталатын қоқыспен байланыстырды.
- Кәріз жүйесінің ағу себебі сыртқы жүйедегі құбырдың ақауына байланысты. Ол алпауыттың балансында. Қызмет көрсетуші ұйымның ақпараты бойынша қазір апат салдары жойылуда. Бүгінгі күні жертөлені жинау, кептіру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілуде,- Жанат Тускеев.
Мамандар бөлімге жертөледегі су бойынша шағымдар қалыпты түрде келіп отыратынын мәлімдеді. Ал ескірген коммуникацияларды ауыстыру жұмыстарын ПИК орындау қажет.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа