• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар Назарбаев даңғылы бойындағы жолға назар аударуды сұрайды

Павлодарлықтар Назарбаев даңғылы бойындағы жолға назар аударуды сұрайды

Бүгінде Назарбаев даңғылындағы саяжолды қалпына келтіруде. Жаз бойы алпауыт мамандары коммуникацияларын ауыстырған еді. Сол себепті, бірнеше жыл бұрын орнатылған кеспе тасты алып тастауға мәжбүр болды. Адамдарға бұзылған саяжолды барынша айналып өтуге тура келді.

Адамдар алынып тасталған кеспе тас бұрынғыдай орнатылмайды деген алаңдаушылықтарын білдірді. Оған қоса, саяжолда брусчатка қалдықтары жатыр. Әкімдікте алдағы уақытта барлығын қалпына келтіреміз деп сендірді.

- Назарбаев даңғылы Шөкин көшесінен Толстойға дейінгі аралықта «Павлодар жылу желілері» ЖШС жылу желісін күрделі жөндеу жұмыстарын орындады. Қазіргі уақытта, жұмыстар аяқталды. Демонтаждалған кеспе тас алдағы уақытта қалпына келтіріледі,- дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

Қазіргі уақытта саяжолды қайта абаттандыру жұмыстары 70 пайызға аяқталды. Қазан айының соңына дейін толықтай қолданысқа беруді жоспарлайды.

 Авторы: Айтмұхамбет Айғожа