• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар орталық жағажайдағы баспалдақтарды сынға алды

Павлодарлықтар орталық жағажайдағы баспалдақтарды сынға алды

Айтуларынша, сатылардың көбісі жарылып, кейбір мәрмәр тақтайлары сынып жатыр. Биыл көктемде қаламыздың көрікті орны жөндеуден өткен болатын.

Орталық жағажайдағы мәрмәр плиталарды ауыстыру жұмыстарына қала бюджетінен 50 миллион теңге бөлінген. Сомма игерілгенімен, 3 айдан кейін сатылардың жағдайы көңіл көншітпейді. Бейнесімен тұрғындар әлеуметтік желіде жиі бөлісетін болған.

- Биылғы жылы «НВС-Строитель» мердігерлік ұйымы орталық жағажайдағы сатылардың жөндеуімен айналысты. Кепілдік мерзімі аясында олар ақауларын жөндейді, - деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің сектор меңгерушісі Бауыржан Аралов.

Коммуналшылардың айтуынша жағажайды ретке келтірумен биыл бір мердігер айналысқан. Қолайлы ауа райы орын алғаннан кейін олқылықтар жоя бастайды.

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа