• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар Солтүстік Қазақстанға кезекті гуманитарлық көмек жолдады

Павлодарлықтар Солтүстік Қазақстанға кезекті гуманитарлық көмек жолдады

Бұл жолы еріктілер, депутаттар мен бизнесмендер және қарапайым қала тұрғындары ат салысты.

 

Әлеуметтік қораптарға табиғи апатқа тап болғандар үшін қажеттінің барлығы бар. Бұл күректер, су мен бұзылмайтын азық-түлік, гигиена заттары, төсек орын жабдықтары және тағы басқа.

 

- Барлық Павлодар облысының шет қалмаған тұрғындары барлығы ат салысты. Жалпы 20 тонна, 12 сәуірде үш тоннаны жіберген болатынбыз. Екі газельді Атбасарға жіберген болатынбыз. Бүгін екінші жүгіміз Атбасарға бара жатыр,-деді «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Маликова.

 

Игі іске «Аманат» партиясының барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарымен қатар «Жастар рухының» жас белсенділері және ҚХА мүшелері ат салысқан. 20 тонна гуманитарлық көмек тиелген 4 жүк көлігін бүгін Солтүстік Қазақстанға аттандырды.