Павлодарлықтар трамвай рельстеріне шағымдануда

Қауіпті өткел көп уақыт бойы тізгінде отыратын тұрғындарымыздың ашуын келтіруде. Сабырлық танытуға сәл қалды. Жақында ол жер толықтай жөндеуден өтеді.

 

-«Трамвай басқармасы» жөндеу жұмыстарын мамырдың 20-сы бастайды. Алдын ала болжам бойынша бір айға жуық уақытты алады. Тек бір бағыттағы рельстер ғана емес, қиылыстағы өткел толықтай ауыстырылып, жаңаша төселеді. Өзге көшелердегі қиылыстардағыдай жермен тегіс өткел қойылады,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімі басшысы Арслан Қалияқпаров.

 

Сонымен қатар Ломов көшесінде жол бөлігі Қамзин бағытынан бастап Сатбаевқа дейінгі аралықта толық жаңартылады. Трамвай рельстерін жаңартумен тұспа-тұс келмейтіндей жұмыс кестесі бекітілген. Сол себепті жақын арада қаланың орталығындағы бұл бөлігін темір тұлпарлар иелері айналып жүруі абзал.

 

Авторы:Дархан Бекишев