• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар тыл ардагеріне мерекеге орай ерешке сыйлық жасады

Павлодарлықтар тыл ардагеріне мерекеге орай ерешке сыйлық жасады

Зинаида Совельеваның қызы Натальяның арманы орындалды. Мейірімді жандар 8 наурыз мерекесіне орай анасына кереует пен матрас сыйлады.

 

- Оларға мейірімділіктері, қиын кезде қол ұшын созғандары үшін алғысымды айтқым келеді. Денсаулық, шығармашылық табыс тілеймін. Барлық армандары орындалсын. Қарт адамның мәселесін шешуге көмектескендері үшін рахмет, - деді қызы Наталья Совельева.

 

Натальяның айтуынша жаңа кереует өзі қалағандай. Анасына арнайы матраста жатқан да ыңғайлы дейді. Сонымен қатар кереуеттің қырлары көтерілетіндіктен әжейдің құлап кетпейтініне сенімді.

 

- Мен дәл осындай кереует болса деп армандадым. Қозғалады, көтеріледі, орынан жылжиды. Барлық функциялары бар. Матрастың да үлкен пайдасы тиіп жатыр. Денесінің қызарғаны кетті. Ол денесіне массаж да жасайды, - деді Наталья.  

 

Тыл ардагері Зинаида Совельеваның қызы арнайы кереует пен матрастың арқасында анасының ауруы жеңілдеп, жағдайы жақсаратынына сенімді.