Павлодарлықтар Затон маңындағы Усолканың жағдайына алаңдаулы
Балық аулау мен отбасылық демалысқа арналған Затон маңындағы жағажайдың қазіргі жағдайы осындай. Өзеннің қақ ортасы мен шеті батпаққа айналып барады. Соңғы уақытта бұл мәселеге тұрғындар белсенді түрде алаңдаушылық білдіруде.
Өңірлік қоршағанорта және су ресурстары басқармасы бұл жағдай жайлы хабардар екендігін жеткізді. Тіпті тексеріс те жүргізген екен.
- Әлеуметтік желілердегі көптеген шағымдардан кейін Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы Затон маңына барып бақылау жүргізді. Тексеріс нәтижесі бойынша қаламыздағы сенбіліктер барысында қамыс қопасынан тазарту жүргізілетін болады, - дейді Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы бөлім басшысы Аңсар Алешов.
Белгілі болғандай органикалық заттар суға түсу салдарынан табиғи таяздау процессі басталған екен. Бұған тазалық жұмыстары көмегін тигізеді ме белгісіз. Қайткенімен, өзеннің бұрынғы кейіпте емес екендігі айдан анық. Сондықтан тұрғындар мәселеге ерекше көңіл бөлу қажет деп санайды.