Павлодарлықтар жаяу жолдардың тазалығын сынға алды

Соңғы кездері қар мен мұздан тазартылмаған жаяужолдар, кіру топтары, тұрақтағы үйінділер қала тұрғындары үшін үлкен мәселеге айналған. Әсіресе қар адамдар мен балаларымен серуендеген ата-аналар үшін. Жарақат алып қалмас үшін барлығы аса сақтықпен қозғалуға мәжбүр.

- Адамдарға жүру мүмкін емес. Өз басым бірнеше рет тайып құладым, - дейді павлодар тұрғындарының бірі.

- Кеше түнгі уақытта қар тазалау жұмыстарына 50-ден аса техника жұмылдырылды. Бұл 4-тиегіш, 16 жүк машинасы сондай-ақ, жолдардың жүру бөлігін сыпыруға арналған 35 сыпыру жинау арнайы көліктері. Бүгін таңертеңнен қала көшелерінен қарды тазалау және шығару жұмыстарына 100-ден астам техника жұмыс жасауда. Жолдардың жиектерін, аялдама павильондарын және жаяу жүргіншілер өткелдерін тазалауға 200-ден астам адам жұмылдырылды, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Әкімдік берген ақпарат бойынша бүгінде қар тазалау жұмыстары жалғасуда. Естеріңізге салсақ, қалада көктайғаққа қарсы реагент себуге тыйым салынған. Сол себепті арнайы көліктер тек құм шаша алады.

Авторы: Айтмұхамбет Айғожа.