• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар жаңадан берілген үйлердегі ақауларға шағым түсіруде

Павлодарлықтар жаңадан берілген үйлердегі ақауларға шағым түсіруде

 

 

Шенеуніктер мен мердігерлер Ак. Шөкин көшесіндегі жаңа үйге қатысты ескертулерді қалпына келтіруге асықпауда дейді тұрғындар.

 

Ксения Герман бұрын Алюминстройдағы ескі екі қабатты үйде тұрған. Кейін бірнеше жыл бойы жалдамалы пәтерді паналаған. Өткен жылы оған Шөкин 154/3 мекенжайынан жаңа баспананың кілті табысталды. Алайда, әйелдің қуанышы көпке созылмады.

 

- Баспана алғанда қуанышымызда шек болмады. Кейін онда көшкенде түрлі мәселерді көре бастадық. Терезе буланып, қатып қалады. Еден мәселесі де бар. Линолеум көпке шыдамады,-деді Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үйдің тұрғыны Ксения Герман.

 

Ксенияның айтуынша, бұл олқылықтардың біраз ғана бөлігі. Әйел көбінесе пәтердегі сызға алаңдаулы. Ол денсаулық үшін зиянды дейді. Ал көршісі Наталья Кутина басқа мәселені көтерді.

 

Тұрғындардың айтуынша, олар шенеуніктерден және мердігерден мәселеге назар аударуды бірнеше рет сұраған. Алайда, олар еш шара қолданбады. Енді олқылықтарды өз күшімен жоюға кіріскен.

 

- Терезелердің барлығынан жел үрлейді. Тұрғындардың басым бөлігі өз қаражатына лоджияға шыны қоюға мәжбүр. Бетон астындағы құбырлардан су ағады. Керме төбелердің салдарынан оны көру мүмкін емес,-деді Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үйдің тұрғыны Константин Мирзоев.

 

- Біз барлық шағымдарды «WhatsApp» арқылы жібереміз. Олар өтінішті қабылдадық дейді. 2,3,4 күн өтеді. Терезе одан әрі ылғалданады. Олқылықтарды жоюға асықпайды. Комиссия құрып, тексеріс жүргізуге болады ғой. Бұл үйді қалай қабылдаған?-деді Ак. Шөкин көшесіндегі №154/3-үйдің тұрғыны Николай Герман

 

Мәселеге қатысты редакция тарапынан шенеуніктерге ресми сұраным жіберілді. Олар әзірге жауап дайындауда.