• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар жаңбырдан соң аулалар мен жолдарды су басуда деп шағымдануда

Павлодарлықтар жаңбырдан соң аулалар мен жолдарды су басуда деп шағымдануда

 

Адамдардың айтуынша, мәселе жаңа ғана асфальт төселген орындарда туындаған. Ал шенеуніктер жабынды төсеу бойынша талаптарды барлық жерде бірдей сақтау мүмкін емес екендігін жеткізді дейді irbistv.kz тілшісі.

 

Қамзин көшесі 104 -үйдің жертөлесін үнемі су басады. Себебі ол төмен орналасқан. Тұрғындар әсіресе қатты жауын мен көктемде қар ерігенде жапа шегетіндерін айтады. Қазір судың кетпей тұрғанына төрт ай.

 

- Чайковский көшесі асфальтталады. Тәртіпке келтіргенімен дренаж жасамады. Енді жаңбыр жауса болды, үлкен шалшық пайда болады,-деді Қамзин көшесіндегі №104 үйдің тұрғыны Валентина Кононович.

 

Екі апта бұрынғы жауыннан соң аулаларды су басты деген көптеген шағым түскен. Көбісі жаңа асфальт төселеген орындарда мәселе туындады дейді.Шенеуніктердің айтуынша, 2024 жылы 80 ауланы асфальттамақ. Соңғы үш жылда 300 орам іші аумақтарында осындай жұмыс жүргізген. Қосалқы көшелерді де орташа жөндеуде.

 

- Орташа жөндеу бұл тек үстіңгі жабынды ауыстыру. Бұл фрезерлеу және асфальтты 5-6 см-ге шешіп, қайта 5-6 см төсеу,-деді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің бас маманы Арсен Жұмабеков.

 

ТҮКШ бөлімінде күрделі жаңарту кезінде жаңбыр суы кететіндей белгілі бір биіктікті жобаға енгізуі керек дейді. Геодезисттің жұмысы міндетті түрде қажет. Алайда жер қабатын ескере отырып оны іс жүзінде жүзеге асыру үнемі орындала бермейді. Ал павлодарлық жол сапасы сараптамасы орталығында шағымдарды қабылдауға дайын.

 

- Павлодар қаласында жауын суы ағатын кәріз жүйесі жоқ. Жергілікті атқарушы органдардың жоспарына сәйкес бүгінгі күні кәріз жүйесі құрылысы үшін арнайы техникалық-экономикалық құжат әзірленуде. Себебі жаңбырдан соңғы жиналған су жол жабынының аз уақытта бүлінуіне әкеледі. Және ол жол қозғалысы қауіпсіздігіне әсер етеді,-деді Павлодар облысы жол активтері сапасы ұлттық орталығының директоры Ерлан Калымов.

 

Қалалық құрылыс бөлімінің ақпараты бойынша жауын және дренаждық канализация бойынша қазіргі таңда құжаттар мемлекеттік сараптамадан өтуі үшін ондағы ескертулерді жоюда. Оның қашан жүзеге асырылатыны белгісіз. Жұмысты үш кезеңмен жүргізетіні белгілі.