Павлодарлықтар: «Ауламыз қараңғы!»

Шөкин көшесіндегі №25-үйдің тұрғындары қас қарайса, аулаға шығудан қорқамыз дейді. Себебі - жарық жоқ. Оның орнына құр бағаналар тұр. Қақпаған есігіміз қалмады, қайда барсақ та жасап береміз деп қайтарып жіберетінді дейді Қайниден апа. 

 

- Жауап болды. 2-тоқсан 2020 жылы деп. Болған жоқ. Одан кейін 3-тоқсанда қайта хабарластым. 2-квартал өтті, қашан мынау болады деп. 4-квартал деді. 2020 жыл бітті. Сосын мен ана жолы тағы телефон шалдым. 21 жыл туды енді қашан?Телефон кітапшамда он номер жазылған. Бірінен біріне жібереді, бірақ нәтиже ноль, - дейді Шөкин көшесіндегі №25-үйдің тұрғыны Қайниден Қабдуова. 

 

 

Ал көршілерінде барлығы тамаша. Аулаға жарықшамдар тартылған. Бұл ретте қала әкімдігі Шөкин, 25 мекенжайындағы жарық мәселесі биылғы жоспарда бар екенін айтты.  

 

- ТҮКШ бөлімі аталмыш мекенжайға шықты. Жіті тексеру жасалды. Жарықшамдарды орнату осы жылдың 3-ші тоқсанына жоспарланып отыр, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Сонымен қатар, көп қабатты үйдің ауласына жарық бағаналарын орнату үшін  қаулап өсіп тұрған бұталарды кесу керектігін мәлімдеді.