Павлодарлықтар: «Көшелердегі қарды дұрыс тазаламайды»

Қала әкімдігінде қардың көптеп түсуіне байланысты коммуналдық қызметкерлер тәулік бойы жұмыс тәртібіне көшкенін мәлімдеді. Алайда, павлодарлықтар, олар тек орталық көшелерді тазалайды деген ойларын айтуда. Оның өзінде аялдамаларда қардың асты мұз болып жатыр. Байқап жүрмесе, оңбай құлауы мүмкін. Кейбір жерлерге қарды үйіп кетеді. Ыңғайсыздықтар көп, - деді қала тұрғындары.

 

- Өткен тәулікте қаладағы қар тазалау жұмыстарына 160-тан астам арнайы техника бірлігі, бұл: 35 жүк көлігі, 70 әртүрлі модификациядағы самосвал, 45 жинау сыпыру техникасы және 17 құм шашқыш машинасы, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

 

Қала көшелерін тазалау жұмыстары жалғасуда. Қыс басталғалы Успенкөпірінің арғы жағындағы полигонға 200 мың тонна қар шығарылды. 4 мыңы соңғы тәулікте. Синоптиктердің болжамы бойынша қар жұма күнге дейін жауады.