Павлодарлықтар «шұрқ тесік» жолға шағымдануда
Жыл сайын аталмыш мәселені көлік жүргізушілері қызу талқылайды. Осыған байланысты, биыл конкурстық шара ертерек жарияланып, мердігер анықталды. Даладағы минусттық температураға байланысты коммуналшылар арнайы технологияны қолданбақ.
-Иә, қардан кейін шұңқырлар көбейе бастайды. Жол да қармен бірге еріп жатыр. Қаламызда дұрыс көше жоқ,- дейді қала тұрғындары.
Биыл әкімдікте шұңқырларды жабу шарасын ерте бастамақшы. Ол үшін анықталған мердігер Павлодарда алғашқы рет полимерлік суық асфальт төсеудің жаңа технологиясын қолданатын болады. Ағымдағы жылы жөндеуден өтетін 39 көше анықталды. Бүгін жұмыстар Бектұров және Омбыға апаратын тас жолда басталады.
- Өткен жылдың тәжірибесін ескере отырып, өткен жылы шұңқырларды жөндеу өте кеш өткізілді. Сондықтан да халықтың наразылығына біз душар болдық. Биыл осының бәрін ескере отырып, 2021-ші жылдың желтоқсан айынан бастап, мемлекеттік сатып алу істерін жүргіздік. Бүгінгі күні бізде мердігерлік ұйым анықталып, «Бонус Строй» ЖШС анықталды,- дейді Павлодар қаласы ТҮКШ бөлімінің басшысы Арслан Қалияқпаров.
2022-ші жылы шұңқырларды жөндеуге 1 миллиард 174 миллион теңге жұмсалады. Ағымдағы жөндеуден бөлек, жаяу жолдарды асфальттайды. Жалпы 3,2 мың шаршы метрден астам аумақта бескі қабатын қалпына келтіреді.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа