• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар қоқыс контейнерлері жанындағы ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтарға шағымдануда

Павлодарлықтар қоқыс контейнерлері жанындағы ірі көлемдегі тұрмыстық қалдықтарға шағымдануда

-Павлодар қаласының орамішілік аумағын ірі көлемді қоқыстан тазалау жұмыстарымен «Горкомхоз-Павлодар» ЖШС айналысады. Күнделікті 40 адам жұмылдырылады. 6 бригада бар, әрқайсысында 6-7 адамнан. Оларға техникадан  12 жүк көлігі және 6 тиегіш көмектеседі, -деп мәлімдеді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Демалыс күндерінен кейін ірі көлемді қоқыс саны артады екен. Мердігерлік ұйым қаланы толық тазалаумен айналысуда. Алдағы уақытта, олар Торайғыров, Мир, Мәшһүр Жүсіп және Назарбаев даңғылындағы орамішілік аймақтарынан қоқыс шығарады.