• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар үшін танымал халықаралық туристік бағыттардың бірі жабылады

Павлодарлықтар үшін танымал халықаралық туристік бағыттардың бірі жабылады

Оммикрон штаммы салдарынан елімізде жаңа шектеулер қойылған болатын. Соның бірі - қыста қызыл теңіз жағасында демалуды жақсы көретіндер үшін ыңғайсыздықтар тудырып отыр. Бұл жергілікті туристік компаниялардың да қалтасынан қағатыны сөзсіз. Себебі, павлодарлықтардың басым бөлігі жаңа жылдық демалыстарын Мысыр елінде өткізгенді жөн көреді. Тіпті алдын ала жолдама алып қойғандар да бар екен.

- Қазіргі таңда Египетке алдын ала турларды басқа бағыттарға ауыстыру мүмкін. Біздің турфирмада жаңа жылды Мысырда қарсы алуды жоспарлаған 3 отбасы бар. Біз оларға басқа бағыттарды ұсынып отырмыз. Мысал үшін Шри-Ланка мен ГОА-ға қорықпай ұшуға болады. Ешқандай қауіп жоқ және бағасы жағынан де бірдей, - дейді туристік компания директоры Игорь Черных.

Ал егер ұсынылған бағыттардың ешқайсысы ұнамаса, туристік компания клиеттеріне ақшаларын қайтарады. Бірақ, толық сомасын емес. Қызмет көрсеткендері үшін пайыздардын ұстап қалады. Сондай-ақ, шарт бойынша қаражатты қайтару уақыты бір айдан үш айға дейін созылуы мүмкін. Айта кету керек, бүгінде басқа халықаралық бағыттардың бағасы көтерілгенін байқауға болады. Бірақ, бұл Египеттің жабылуымен байланысты емес.

- Басқа халықаралық бағыттарға бағалардың өсуі Египеттің жабылуымен байланысты емес. Мысал үшін бүгінде Дубай ЭКСПО-ға байланысты туристердің арасында танымал. Себебі, адамдар демалыс пен пайдалы істі біріктіреді, - дейді Игорь Черных.

Египеттен бөлек, павлодарлықтар арасында Біріккен Араб Әмірлігі, Таиланд және ГОА бағыттары танымал. Сондай-ақ, Мальдивыға ұшатындар да бар болып шықты. Ал қызыл теңізге жол жоспар бойынша 2022 жылдың наурызынан қайта ашылмақ.