• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтар өз сайлау учаскесін арнайы Сall-орталыққа хабарласып анықтай алады

Павлодарлықтар өз сайлау учаскесін арнайы Сall-орталыққа хабарласып анықтай алады

ҚР Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау қарсаңында Павлодар қаласы әкімдігі бастамасымен «Өзіңді сайлаушылар тізімінде тексер» онлайн сервисі іске қосылды. Толық ақпарат қала әкімнің ресми сайтында жарияланған. Бұл жерде тұрғындар өз жеке сәйкестендіру номерін (ИИН) жазып, учаскесін анықтай алады. Бұдан бөлек, Сall-орталық қызметі де ойластырылған. Байланыс телефоны 32-57-78. Жұмыс күндері таңғы 9:00 кешкі 18:30-ға дейін. Ал сенбі күндері  9:00 түскі 13:00 дейін жұмыс жасайды. Сонымен қатар 8 775 450 10 52 номері бойынша WhatsApp-қа жазып білуге болады. Ал Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттарға сайлау 2021 жылдың 10 қаңтарына жоспарланған.