• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтарды алдаған алматылық бес жарым жылға абақтыға қамалды

Павлодарлықтарды алдаған алматылық бес жарым жылға абақтыға қамалды

Дегенмен, айыпталушы кінәсін мойындаудан бас тартты. Айтуынша, ешкімге жанар-жағармай құю станциясы туралы әуәде берген жоқпын деді. Сонымен қатар, ерлі-зайыптылардың қандай да бір бизнеске кіріп кеткенін, тек оңтүстік астана тұрғынына ақшаны апарып бергенін айтты. Алайда павлодарлықтар қолма-қол ақшаны тек айыпталушыға бергендерін, басқа ешкіммен келісім жасамағандарын жеткізді.

- Сот үкімімен ол аса ірі мөлшерде алдау жолымен бөтеннің мүлкін жымқыру, алаяқтық фактісі бойынша кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын қылмыстық атқару жүйесінің қауіпсіздігі орташа мекемесінде өтеуін тағайындады,- деді Павлодар қалалық №2-сотының баспасөз хатшысы Гүлсім Ахтаева.

Нәтижесінде сот айыпталушыға қарсы айғақтар сөзсіз шындық деген қорытындыға келді. Оны бас бостандығынан айырумен қатар, 28,5 миллион теңге көлеміндегі келтірілген шығынды төлеуге міндеттеді.