• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарлықтарды Қазқонақтың қазіргі жағдайы алаңдатып отыр

Павлодарлықтарды Қазқонақтың қазіргі жағдайы алаңдатып отыр

Қаз қонақ қала тұрғындары мен қонақтардың сүйікті демалыс орнына айналды. Мұнда серуендеп келушілердің қарасы үнемі қалың. Алайда жағалаудың бүгінгі жағдайы да қалалықтарды алаңдатпай қоймады.

 

Әкімдіктегілер «Қазқонаққа» қазіргі таңда мердігер жауапты екенін мәлімдеді. Кепілдік мерзімі әлі аяқталмаған. Сондықтан олар олқылықты жояды. 

 

- Қазқонақтағы кеспетастатардың опырылуын қалпына келтіру жұмыстарын «Алвис» мердігерлік ұйымы кепілдік міндеттері аясында жүргізетін болады. Бұл аталмыш жағалаудың құрылысын жүргізіп абаттандырған мердігер. Сондықтан жұмыстарды олар жүргізеді, - деді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің басшысы Салтанат Әкімбекова.

 

Мамандардың айтуынша аталмыш жаяу жүргіншілер жолы осы аптада қалпына келтіріледі.