Павлодарлықтардың көбісі қандай телеарнаны көреді?
Қиындықты шешу үшін, мәселені қозғап, ол туралы айтып, жауапты мамандар сараптама жасау керек. Бірақ, көбісі мекемелердегі қағазбастылыққа тап болса, екіншілері мазалайтын сауалдарын қоюға жасқанады. Бұл жағдайда әлеуметтік сауалнаманың пайдасы зор.
Qalaisyn.kz сайтына кіріп, Павлодардағы өзекті деген тақырыптарға қатысты сұрақтарға жауап беріп, сіз олқылықтарды жоюға өз үлесіңізді қосасыз. Сауалнама көп уақытыңызды да алмайды. Ал жауаптарды сараптаған кезде, көптеген осал тұстарымызды анықтауға болады. Мысалы, «Сіздерді қай мәселелер ерекше мазалайды», - деген сауалға, павлодарлықтардың 68% азық-түлік пен қызмет көрсету бағасының өсіміне, 46% тұрғын үйдің қымбат және қолжетімсіз болуына, 35% өмір сүру деңгейіне, ал 34% медицина қызметінің төмен болуына нұсқады. Сонымен қатар, cұрақ-жауапқа сүйенсек, 2-ші Павлодардағы жеке сектор және Қамзин көшесінің бойы жөндеуді қажет ететін көрінеді. Тұрғындардың 90% үй подъездерінің сапасы мәз емес екендігін жеткізді. Сауалнамаға қатысқандардың 70%-ы БАҚ ұсынатын ақпаратқа сенім артады, павлодарлықтардың 90%-ыкөбінесе «Ирбис» телеарнасын көреді деп дауыс берген екен.
Qalaisyn.kz сайтына дәл қазір де кіріп, сұрақтарға жауап беруіңізге болады. Сауалнамалар жүйелі түрде жаңартылады. Бірнеше тетікті басу арқылы, өзекті тақырыпты қозғап, қаладағы өзгерістерге әсер етуіңіз әбден мүмкін. Оған қоса, белсенділігіңіз ерекше бағаланады. Әрбір сауалнама үшін 20 ұпай беріледі. Көбірек жинасаңыз, апталық сыйлықтар ойнатылымында жеңіске жетесіз.

