Павлодарлықтарға мұз сүңгілері қауіп төндіруде
Оларды тазалауға ешкім асықпайды. Павлодарлықтардың айтуынша, жауапты адамдар көктем келгенін күтіп отыр.
- Әрине, оларды түсіру керек. Менің ойымша ПИК бұл іспен айналысуы қажет. Басқа түсіп кетсе жарақат алатынымыз айдан анық,- дейді қала тұрғындары.
Қаладағы ернеулердің жағдайын тұрғын үй инспекциясының мамандары бақылап отыр. Шектен шыққанда ғана жазбаша өкіммен қорқыта алады. Аула сыпырушылары мен сантехниктерді шатырға мәжбүрлеп жібере алмайды. Шатырды мұздан және қардан тазалау үшін ПИК өкілдері арнайы мамандарды шақырту қажет.
-
Аталмыш жұмыстарды арнайы мекеме өкілдері орындау қажет. Оларға қаражатты ПИК-тер жинақтандыру қорынан төлей алады. Болмаған жағдайда міндетті қордан алады. Бүгінде қалалық ТҮКШ бөлімі және жергілікті полиция қызметкерлерімен рейдттік шаралар жүргізілуде, - дейді Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова.
Төбені тазартатын маманды шақырту – арзанға шықпайды. Арнайы техниканың бір сағаттық жұмысы үшін 8 мыңнан 10 мың теңге аралығында төлеу қажет. Сол себепті әр бір ПИК-не бұл қажеттіліктер үшін жинақтаушы қордан алдын-ала қаражат сақтап қою керек.
Авторы: Айтмұхамбет Айғожа