Павлодарлықтарға вакцина туралы SMS хабарламалар келуде

Индираның отбасы 5-ші қалалық емханаға тіркелген. Айтуынша 30 қазанда оның 6 жастағы ұлы жасына сәйкес дифтерия, сіреспе және көкжөтелге қарсы екпе алған.

 

- Біз жақында 6 жасқа толғанымызда екпе жасадық. Бір-екі сағатта SMS келді. Онда қай күні және қандай вакцина алғанымыз көрсетілген. Бұл өте ыңғайлы, себебі біз күнделікті қарбаласпен қашан және қандай екпе алғанымызды ұмытып қалып жатамыз, - дейді Индира Айтикенова.

 

-1414-тен келетін хабарлама баланың заңды өкілі үшін де, екпе алған ересек адам үшін де ыңғайлы. Бұл медициналық қызметкер үшін де ыңғайлы. Ол цифрлық жүйеден вакцинация туралы барлық ақпаратты көре алады, - деп мәлімдеді Павлодар қаласы №5 емханасының жалпы тәжірибе дәрігері Анар Қадырова.

Егеразаматқанемесеоныңбаласынавакцинаісжүзіндесалынбағанболса,жалғанжазбатуралы1414нөмірінежауапSMSжолдауарқылыбірденхабарлауғаболады.КеліптүскенақпаратСанитариялық-эпидемиологиялықбақылаукомитетінетексеруүшінжіберіледі.

 

Бибінұр Хамитқызы