• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарское ауданында бүтіндей елді мекенді қар басып қалған

Павлодарское ауданында бүтіндей елді мекенді қар басып қалған

Заңғар ауылдық окургі Коряковка ауылының тұрғыны Әбдукәрім Райымбековтың наразылығында шек жоқ. Себебі, елд імекен тұрғындары бейсенбіден бастап женсенбіге дейін қар құрсауында қалды. Салдарынан адамдар жұмыстарынан қалып, ауруханаға жете алмаған.

- Менің жүрегім ауырады. 15 күн сайын емханаға барып тұруым керек. Содан мына қарды жұма күні тазалау керек еді. Мен облыстық ауруханаға жазылдым, бара алмадым, бір немеремді қаладаға емханаға шақырған, бір немеремді Ефремовкаға шақырған шыға алмадым, - дейді Заңғар ауылдық округі Коряковка ауылының тұрғыны Әбдукәрім Райымбеков.

Коряковка ауылында 60-қа жуық үй бар. Елді мекен тұрғындарының басым бөлігі қалаға барып келіп жұмыс істейді. Әбдукәрім Райымбековтың айтуынша, жұма күні Заңғар ауылдық округінің әкімдігіне бірнеше рет хабарласқан, бірақ ешкім жауап бермепті. Ал қарды тек жексенбі күні кешке ғана тазалады дейді.

- Солярка жоқ дейді. Балаларға айтсам, әке топқа жазып жатыр солярка жоқ деп айтады дейді. Бұл бірінші қарда солярка жоқ болса, Заңғарда. Одан кейінгі қарларда не болады? Адамдардың жұмысқа барып келуі. Осы мына үш үйден 6 машина шығады жұмысқа, - деп налыды Әбдукәрім Райымбеков.

- Бұл күндері қар шамадан көп жауды. Барлығын бірден уақытында тазалау мүмкін болмады. Ең алдымен біз ауылдарға апаратын кіре берістерді қардан тазарттық. Кейін ауылдың ішіндегі жолдарға көштік. Коряковка бойынша тексереміз, - дейді Павлодар ауданының әкімі Ержан Иманслям.

Аудан әкімі Ержан Иманислям солярка тапшылығын жоққа шығарып отыр. Айтуынша, барлық елді мекенде мердігерлік ұйым жұмыс жасайды. Айта кету керек, демалыс күндері әлеуметтік желілерде облыс тұрғындары тарапынан жолдардағы қардың тазаланбайтыны жөнінде шағымдар көп кездесті. Мысал үшін: бұл Екібастұз – Майқайың тарссасы. Бейнежазба авторы мұндай жолмен жүру мүмкін емес деп шағымдануда.

 

Авторы: Аида Адрахова.