Павлодарға Pfizer вакцинасы осы қараша айында жеткізіледі

Павлодар облысы әлі де қызыл аймақта. Коронавирустың таралуы жағынан еліміз бойынша көш бастап тұр. Айта кету керек жақын уақытта ревакцинация да басталады. Сонымен қатар америкалық Pfizer вакцинасы да жеткізіледі.

- «Pfizer»  екпесін салу алғашқы дозаны алған соң 21-ден 28 күнге дейінші аралықта жүргізіледі. Бірқатар қарсы көрсетілімдер бар. Бұл екпені алған кезде де қызару, ісіну, бас ауруы, дене қызуы, әлсіздік пайда болуы мүмкін. Яғни кез келген екпеден кейін болатын дүние, - дейді Павлодар облысы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Зәмзагүл Дощанова.

Аймағымызда 310 мың тұрғын екпе алған. Бұл жалпы саннан 40 пайыздан асады. Облыс бойынша Павлодар, Екібастұз және Ақсу қалаларында пандемия басталғалы ең көп ауырғандар тіркелген. Ал аудандар бойынша, Ақтоғай, Успен және Аққулы.  

 

Авторы: Бибінұр Хамитқызы