Павлодарда жазғы мектеп жалғасады

Негізгі мақсаты оқушылардың білім сапасын көтеру. Оған 1-8 және 10 сынып оқушылары қатысады. Ал 9 сыныптағылар өз қалауы бойынша барады. Қазіргі таңда барлық мектептерде тәрбиеленушілердің білім сапасын анықтау үшін диагностика жүргізілуді.

 

- Негізі диагностика барлық білім алушыларға өткізіледі сынып деңгейінде. Қай жерде білім сапасының төмендеуі немесе тақырыптың меңгерілмеуі қарастырылса білім алушылар жазғы мектепке қатысулары керек,- дейді Павлодар облысы білім беру басқармасы білім беруді дамытудың инновациялық орталығының басшысы Бахытгүл Аушахманова.

 

Әрбір мектепте сабақ кестесі және оқу жоспары жеке құрылады. Күніне 40 минуттан 3-4 пән оқытылады. Ата-аналардың пікірінше мұндай қосымша сабақтар балалардың үлгерімін жақсартуға көмектеседі.

 

-Мәселе балалардың оқу үлгерімі нашарлауда. Олар үшін бұл керек,- дейді тұрғындар.

 

Жазғы мектептегі оқушылардың үлгерімі бағаланбайды және үй тапсырмасы да берілмейді. Мектеп формасына да қатысты талап жоқ.

 

Авторы:Арнагүл Исабекова