• Басты бет
  • Қоғам
  • Павлодарға жұмыс сапарымен ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді

Павлодарға жұмыс сапарымен ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов келді

 Қазақстандағы барлық балабақшада бейнекамералар орнатылады. Ол туралы оқу ағарту министрі айтты. Асхат Аймағамбетов жұмыс сапарымен біздің аймаққа келіп, бірқатар білім ордаларын аралады.

Павлодар ақпараттық технологиялар колледжінің кейпі өзгерген. Екі ғимаратты шамамен 770 миллион теңгеге жөндеген. Оқу орны негізінде «Ithab» құрған. Оқу ағарту министріне өзгерістерді көрсетті. Барлық жағдай жасалған.

 

-Мемлекет басшысының Қазақстан үшін 100 мың жоғары білікті IT маман дайындау туралы тапсырмасы бар. Біздің бір колледж жүз мың маманды дайындай алмайды әрине, алайда ең мықты IT қауымдастық құруға күшіміз жетеді,-деді Павлодар қаласы ақпараттық технологиялар колледжінің басшысы Серік Жартыбаев.

Мұнда бағдарламалық қамтамасыз ету, ақпараттық қауіпсіздік жүйесі, ақылды қосымшалар инженері мамандықтарына оқытады. Колледже бұл мамандықтардың болашағы зор деп біледі. Оқу ағарту министрімен кездесуде оқыту түрлері туралы да талқылады. Дуальдық оқытуды дамыту керек, ел бойынша бұл жағынан шешілмеген мәселе көп. Павлодарлық педагогтердің ойынша ксәіпкерлер оның маңыздылығын түсінбейді. Бұл туралы аймақ басшысы да айтты.

 

-Мен Павлодарды ғана айтып тұрғаным жоқ. Бүкіл ел бойынша дуальды оқыту әлі күнге дейін толық жетілмеген,-деп мәлім етті облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.

 

Оқу ағарту министрі Павлодарда есеп беру кездесуін өткізді, ата-аналар мен педагоктерді толғандырған сұрақтарға жауап берді. Бірінші сыныпта балалар тек ана тілін оқиды. Өзге тілдер тек екінші сыныптан бастап қосылады. Ал ағылшын тек үшінші сыныптан оқытылады. Сонымен бірге балабақшалардың барлығында бейнекамералар орнатылады.

 

-Соңғы кезде өздеріңіз БАҚ беттерінен көріп жүрсіздер біздің мектепке дейінгі мекемелердегі тәрбие көптеген сұрақ тудыруда. Түрлі жағдайлар қол көтеру секілді оқиғалар көп. Сол себепті біз бұл бағытта жүйелі шешімдер қабылдамақпыз. Қазір біз Министр бұйрығы жобасын дайындадық. Ол қазір келісілуде. Онда мектепке дейінгі ұйымдарда жуапкершілік күшейтілетіні жазылған, -дейді ҚР оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов.

 

Сонымен қатар павлодарлықтар министрге мектептердегі турникеттер, психологиялық тесттер, даярлық сыныбы және үйде оқу туралы сұрақтарын қойды.