Павлолдарлықтар 1-ші шілдеге дейін үлгере ме?
Қалғандары белсенділік танытуға асықпауда. Естеріңізге салсақ, тұрғын үй заңнамасына сәйкес барлық пәтер иелері жаңа формаға 2022-ші жылдың 1-ші шілдесіне дейін көшуі қажет. Бүгін брифинг барысында мамандар бұл бағыттағы жұмыстар адамдардың төмен белсенділігінің салдарынан баяу жүріп жатқандығын хабарлады.
-
Меншік иелері ай сайынғы қаржылық төлемдерді пайдалану тиімділігін бақылау және арттыра алады. Аумақты жинау немесе қорғау бойынша қызметтер болсын, сервистік компанияларды таңдай алады. Барлық қаражат мүлікті жақсартуға жұмсалады. Айта кетерлігі, көп пәтерлі тұрғын үй тиімді басқару оның тұрғындары үшін жайлылықты арттырады,- дейді Павлодар облысы энергетика және ТҮКШ басқармасының басшысы Ержан Салханов.
Айта кетсек, 1-ші шілдеге дейін үй басқарудың жаңа формасына көшпеген көпқабаттыларға жергілікті басқару органдары сервистік ұйымды бекітеді. Сондай-ақ, жаңа формаға көшпеген үйлермен келісімшарт жасауға құқылы.
-
Әрине, 1-ші шілдеге дейін үлгермей жатырмыз. Бірақ та бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. 1-ші шілдеге дейін мұнда заң бойынша ПИК формалары жұмыстарын тоқтату деген талап қойылған. Онда сол мерзімге дейін тұрғын үйлердің басқару формасы ауыстырылсын деген қаулы жоқ. Аталмыш мерзімнен кейін пәтер иелерінің бірлестіктері сервистік ұйым ретінде ғана жұмыс жасай алады,- Павлодар қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Нұрлан Рашитов.
Айта кетсек, бүгінде Павлодардағы 1264 көпқабатты үйдің 35-і мүлік иелері бірлестігін құрса, 637 баспана қарапайым серіктестікке көшкен. Тұрғын үй заңнамасына сәйкес барлық ПИК-тер 1-ші шілдеге дейін басқару жұмыстарын тоқтатып, тек сервистік ұйым ретінде қайта құрылуы қажет.
Авторы:Айтмұхамбет Айғожа