Паводарда көп уақыттан бері бірінші рет «коронавирус» тіркелген жоқ
Ол білім беру ұйымдарына қатысты. Бас санитарлық дәрігер білім беру мекемелеріне қатысты өзгерістерді айтты.
-
Білім беру нысандарында әлеуметтік қашықтықты сақтаудың, қызуды өлшеудің қажеті жоқ. Сонымен бірге АШЫҚ қосымшасы арқылы кіру міндетті емес. Бұл сары және жасыл аймақтағы өңірлер үшін,- дейді Павлодар облысының бас санитарлық дәрігері Батырбкек Әлиев.
Бас санитарлық дәрігер келе жатқан Наурыз мерекесінде тұрғындардан сақтық шарасын ұстануды сұрайды. Ал мектеп пен балабақшада әлі де акт залдарында жиналуға рұқсат жоқ. Айта кету керек, енді жасыл және сары аймақта Ашық жобасы керек емес, әлеуметтік қашықтық пен қызу өлшеу де міндетті емес. Адамдар болса арқаны кеңге салуға ерте дейді.
-Егер біреу айтса міндетті түрде маска тағамын. Маскамды далаға шыққанда ғана шешемін. Себебі, адамдар әлі де ауыруда,- дейді қала тұрғындары.
Далада бетперде тағып жүру тәртібі жойылғаннан кейін қазіргі таңда көбінесе кәсіпкерлерге қиын тиюде. Олар өз нысандарында адамдардан бетперде тағуды өтінгенімен жұртшылықтың қарсылығына көп тап болып жатады. Қалай болғанда да сақтанғанды сақтайды.
Авторы:Бибінұр Хамитқызы