Паводарлық лотореядан 4 млн-нан астам теңге ұтып алды
Ең алғашында мезеттік билеттер алып жүрген, бірақ соңғы уақытта телебингода жолы болып, ауқымды сомма ұтып алуды армандаған. 13 ақпан күні бұл дегеніне жетіп 4 млн 399 мың теңгенің иегері атанды. Қаражатты ақылмен жұмсауды жоспарлап отыр. Депозитке саламын дейді.
-
Отбасым көлік алайық дейді. Ақша әрдайым қажет, ал көлік – уақытша. Ертең онымен соғылып қалуға болады. Мұндай ауқымды ұтысты жеңіп алғаныма өте қуаныштымын,- дейді лоторея ұтып алған павлодарлық.
Жеңімпаз ұлттық лотореяға сенгенін айтады. Өзінің жеңісіне күмәнданбай екі билет сатып алды. Сатушы Светлана бұл оның есіндегі ең үлкен ұтыс екенін айтып отыр.
-
Екі апта бұрын клеопатра лотерясында 100 мың, 50 мың және 20 мың ұтып алғандар болды. Кейбіреулері екі мың немесе мың теңгеден алып жатады. Бұл билетке байланысты емес. Бұл адамға байланысты деп ойлаймын. Бұл барлық лотерялар міндетті түрде ұтысты болады дегенді білдірмейді ғой. Дегенмен көп жағдайда ұтыстар шығып жатады,- дейдісатушы-консультант Светлана Есипчук.
Светлана өзінің тұрақты сатып алушысы үшін қуанышты. Барлық павлодарлықтарды бақтарын сынап көреуге шақырады. Айта кету керек, телебингоның басты ұтысы 230 млн теңгеге дейін жетті. 6 наурыз күні пәтер ойнатылады. Қатысу үшін «Сәтті жұлдыздың» 5 «телебинго» билетін бір чекпен сатып алу қажет.
Авторы: Ильяс Рамазанов