ПИК ауланы қардан тазалауға міндетті

Қызмет көрсетуші ұйымдар, бизнес нысандарының иелері мен жалға алушылар ғимараттың 5 метр периметрінің тазалығына жауапты. Бұл аумақта қар үйінділері, мұз және қоқыс болмау керек. Басқаша жағдайда айыппұл салынады. Павлодарлықтар биылғы тазалық жұмыстарына қатысты түрлі пікірлерін білдірді. Басым бөлігі тазалық жұмыстарына немқұрайлы қарайтындарға айыппұл салу керек дейді.

 

- Қардың көптеп түсуіне байланысты біз аулалар мен бизнес нысандарын тексеру мақсатында рейдтік шараларды ұйымдастырдық. Ортақ пайдалымдағы жерде қар үйінділерін қалдыруға болмайды. Барша павлодарлықтарды абаттандыру ережесін сақтауға шақырамыз, - деді Павлодар облысы ЖПБ басшысының орынбасары Руфат Кенжин.

 

Қыс басталғалы тәртіп сақшылары абаттандыру ережесін бұзу бойынша 107 әкімшілік хаттама толтырды. Рейдттік шаралар күнделікті негізде жүргізіледі. Осы ретте, қызмет көрсетуші ұйымдар мен кәсіпкерлерді тазалық сақтауға шақырады.