Полицейлер оқушылардың ата-аналарына үндеу жасады

 

Тәртіп сақшылары оқушылардың ата-аналарынан жақын күндері жасөспірімдерді қатаң бақылауға алуды тапсырады. Әсіресе балалардың түнгі уақытта үйде болуын қадағалау керек деп хабарлайды irbistv.kz.

 

Павлодар облысының полиция департаментінде кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта яғни сағат 23:00 до 06:00-ға дейін ересектерсіз қоғамдық орындарда жүруіне тыйым салынғанын хабарлады. Аталмыш талапты бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік қарастырылған.

 

- Полиция қызметкерлері рейд кезінде түнгі уақытта 8 кәмелетке толмаған баланы анықтады, олар ересектерсіз компьютерлік клубта болған. Заңды өкілдері жауапқа тартылды. Сонымен қатар клуб әкімшілері де жауапқа тартылды, - Павлодар облысы полиция департаментінде.

 

Полицияда атап өткендей қысқы каникулдар кезінде ата-аналардан қауіпсіз және пайдалы демалыс қамтамасыз етуді сұрайды. Сонымен қатар өрт және жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады. Сонымен қатар ол көңіл көтеретін орындарда, аулаларда және көшеде түнгі уақытта жүрмеуі керек.

 

Фото: Freepik.com