Полиция формасын киген алаяқтар бейне қоңырау шалуда

 

 

Соңғы кездері азаматтарға жалған полиция қызметкерлерінен WhatsApp мессенджері арқылы бейне қоңыраулар түсе бастаған деп хабарлайды irbistv.kz тілшісі қалалық полиция басқармасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, нейрондық желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, алаяқтар полицияның нысанды киіміне оңай түрде «киіне» алады.

– Егер сізге қоңырау шалып өзін құқық қорғау қызметкерімін деп таныстырса, бұл жерде сасқалақтап қалу мүмкіндігінің бары сөзсіз. Алаяқтар «жалған» құжаттарды және ашық көздерден алған ішкі телефон нөмірлерін, нағыз қызметкерлердің аттарын, деректерін және фотосуреттерін көрсетуі мүмкін. Кейбір кезде банктің қызметкерлерін ұстау бойынша арнайы операцияларды жүргізуде жәрдем көрсетуді сұрайды. Бірақ түпкілікті нәтиже бір – олар несие рәсімдеп, одан кейін ақшаны өз шотына аударуды сұрайды. Яғни, бұл банк қызметкерлерінің әрекеттерін бақылау үшін қажет деп сендіреді. Алаяқтар алдаған кезде нақты нұсқаулар беріп отырады, – деп атап өтті полиция басқармасында.

Полиция сізге қоңырау шалып өздерін ведомство қызметкерлері ретінде таныстырса, онда «иә» немесе «жоқ» сияқты сөз тіркестерін айтпауға шақырады. Өйткені дыбыс жазбасын кейіннен биометрика үшін қолдануы мүмкін. Ешқандай деректерді жария етпеңіз және телефонды дереу қойыңыз. Егер полиция қызметкерлері сізді шынымен, іздеген болса, онда олар ресми шақыру қағазын жібереді немесе айғақтар беру үшін жақын маңдағы бөлімшеге шақырады.

 

Фото:Freepik.com