• Басты бет
  • Қоғам
  • ППУ «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

ППУ «Халықаралық бағдарламалар орталығымен» өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Павлодар қаласында жұмыс сапарымен «Болашақ» бағдарламасының жүзеге асыруымен айналысатын ұйым «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Данияр Мұқитанов келді. Айтуынша, бірегей бағдарлама аясында студенттер мен магистранттар ғана емес, оқытушылардың өзі де қазір шетелден білім алуға қол жеткізе алады. Осы орайда, арнайы Павлодар педагогикалық университетімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кездесу барысында университет студенттері мен оқытушылары Болашақ бағдарламасы туралы толық ақпарат алып, аталмыш бағдарламаның ұтымды тұстары сөз болды.

 

- Біз үміткерлерге «Болашақ» стипендиясының биылғы артықшылықтары жайлы, бағдарламаға қалай қатысуға болатынын, жалпы талаптары туралы айтып өтеміз. 2020 жылы бағдарламаға көптеген өзгерістер кіргізілген еді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының бастамасымен «Болашақ» аясында 500 ғалымды шетел оқу орындарында тағылымдамадан өткізу жоспарлануда.  Павлодар педагогикалық университетінің ғалымдары да аталмыш мүмкіндікті қолданып, әлемнің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарында біліктілігін арттыра алады, - деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Данияр Мұқитанов.   

 

Шараға қатысушы Павлодар педагогикалық университетінің студенттері «Болашақ» стипендиясы мен оның түлектері туралы қызықты ақпар алып, еңбектегі табыстары жайында хабардар болды. Жаңаша талаптар бойынша, бағдарлама аясында емтихан, құжат тапсыру жабық форматта, талапкердің аты-жөні көрсетілмей толықтай онлайн түрде өтеді. Сол арқылы сыбайлас жемқорлық тетіктері жойылып, біліктілігін арттыруға бел буған жастар, тек өз біліміне ғана сенім артады.