Психикалық денсаулық орталығына жылу берді

Павлодарлық облыстық психикалық денсаулық орталығында 440 адам жұмыс істейді. Олар мұндай жағдайда жұмыс істеу қиынға соғып жатқанын жеткізді. Науқастар да қиын жағдайда. Палаталарда жылытқыштар болса да, температура 16 градустан аспайды. Түнде бөлмелер тіпті салқын. Жаурап қалмас үшін қабаттап киініп, бірнеше көрпеге оранады.    

-300-ге жуық науқас тұрақты түрде күндізгі стационарда ем алады. Оларды түрлі жағдайға байланысты үйге жібере алмаймыз. Кейбіреулері ауданнан келді. Мұнда суық палаталарда жатуға мәжбүр, - дейді Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығы басшысының орынбасары  Виктория Ефимова.

Түнде үйге тек балаларды жібере алады. Оның өзінде 15 науқас палатада жатуға мәжбүр. Психикалық денсаулық орталығының батареялары жылыту маусымы басталғалы ысымаған. Бүгін қалалық әкімдікте жағдайға түсініктеме берді. 

«Аталмыш аудан арқылы жаңадан салынған 42-ші жылу магистралі өтеді. Қазір оның құрылысы толық аяқталып, іске қосылды. Өткен аптада жүйені суға толтыру жұмыстары жүргізілді. Қазір жүйе толтырылды. Енді жүйедегі судың жылынуы және жылуға қосылған нысандардағы жылу бірқалыпқа келу үшін  біраз уақыт қажет, - дейді Павлодар қаласы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы Жансерік Қапзолла.

Мәселе, жаңа жылу магистраліне байланысты. Жүйе суға толғанша уақыт қажет. Сюжет эфирге дайын болғанша психикалық диспансердің бір корпусына жылуды бере бастады. Қалған батареялар да ыси бастады.