• Басты бет
  • Қоғам
  • Пышақты қыз берген. Павлодарлықты адам өлтіруге әрекеттенді деп айыптауда

Пышақты қыз берген. Павлодарлықты адам өлтіруге әрекеттенді деп айыптауда

Оқиға 2021 жылдың сәуір айында болған. Павлодарлықтың үйіне екі жігіт келіп, олардың бірі 80 мың теңге ұрладың деп айыптай бастаған. Арты жанжалға ұласқан. 

Жанжал көпқабатты үй аулаларының бірінде болған. 16 пышақ жарақатын алған жігіт төбелесті өзі бастаған. Егер іске қыз араласпағанда барлығы жұдырықен аяқталар ма еді кім білсін. Ол жүгіріп шығып өз сүйіктісіне пышақ ұсынған, ал ер адам суық қаруды әрлі-берлі сілтей бастаған. Тергеушілер мұны адам өлтіруге әрекеттену деп тапты. Прокурор да солай деп санайды. Алайда судья басқа баппен айыптады. 

- Онда жапа шегушіні кедергісіз өлтіру үшін көп уақыт болды. Ол оны өмірінен айыруға болатындай пышақ жарақаттарын қасақана салмаған. Ол оны теуіп, қашып кетеді, - дейді Павлодар облысы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Құдабай Сұлтанов. 

Судья істе бақылау камерасынан алынған жазба бар деді. Онда барлығы анық көрінген. Тергеушілер ең басты айғаққа назар бөлмеген деді. Нәтижесінде бапты жеңіліне ауыстырып, рақымшылық заңын ескеріп, айыпталушыны 3,5 жылға бас бостандығынан айырды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.