Республикалық олимпиадаға өңірімізден 130 оқушы қатысты

9-11 сынып оқушылары қатысып отырған басты додада аймағымыздан 130 бала бақ сынауда. Айта кету керек, олимпиада бір қатысушы-бір компьютер-бір камера қағидасы бойынша өткізілді.

 

-Оқулық платформасына тапсырмалар жүктелген. Балалар тапсырманы тек экраннан көре алады. Жүктеп алуға немесе көшіріп алуға мүмкіндіктері жоқ. Қағаз жүзінде тапсырмаларды орындап болғаннан кейін сканерлеп Алматыға жібереміз. Алматыда республикалық «Дарын» орталығының штабы орналасқан. Сол жерде жұмыстарды шифрлеп, жюрилерге таратады,- дейді «Ертіс дарыны» орталығының басшысы Азамат Шаймұрат.

 

Республикалық олимпиаданың нәтижесі алдағы аптада шығады деп жоспарлануда. Айта кету керек жыл сайын республикалық пән олимпиадасының жеңімпаздарына еліміздің үздік жоғары оқу орындарынан гранттар табысталады. Ең көп ұпай жинап, білімін көрсеткен түлектің тегін оқу мүмкіндігі жоғары.

 

Авторы:Бибінұр Хамитқызы