Ревакцинация мерзімі қашан?

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ревакцинация яғни екінші қайтара екпе алу туралы сөз қозғады.

-Ревакцинация бойынша соңғы ведомства аралық комиссияда Спутник V  кейін 9 айдан соң, ал CoronaVac, Hayat-Vax  және QazVac соң 6 айдан соң қайта екпе жасау керектігі туралы бұйрық дайындалуда деген мәлімдеме жасалды, - деді  Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы  Айдар Ситқазинов.

1206 адам стационарда ем алуда. Инфекциялық ауруханалардағы бос емес кереует саны 55 пайызды құрайды. Ал жан сақтау бөлімінде 80-нен астам адам жатса, 15 адам өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.